00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Қазақстандықтар 29 елге визасыз бара алады

31.03.2023 | 17:48
Елорда ақпарат
89

Қазақстандықтар 29 елге визасыз бара алады, деп хабарлады Elorda.info.

Тіпті Грузияда бір, Арменияда жарты жыл еркін саяхаттауға мүмкіндік бар. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі мәлімдейді.

Тағы 12 мемлекетте 90 күн қосымша тіркеусіз тұрақтауға жағдай жасалған. Ал Гонконг пен Омандағы визасыз режим 2 аптаға беріледі.

Дипломатиялық паспорты бар азаматтар 75 елге саяхаттай алады. Қызметтік паспорт иелерін 53 мемлекет виза сұрамай қабылдайды екен. 

Визасыз мемлекеттерде қанша күн тұрақтауға болады?

Грузия - 365 күн

Армения - 180 күн

Беларусь - 90 күн

Өзбекстан - 30 күн

Барбадос - 28 күн

Гонконг - 14 күн.
 

Все новости