00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстан делегациясы Синдзо Абэның мемлекеттік жерлеу рәсіміне қатысты

31.03.2023 | 17:28
Елорда ақпарат
91

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэның мемлекеттік жерлеу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Elorda.info.

Ресми рәсімге 6 мыңнан астам адам, оның ішінде Жапонияның жоғары лауазымды саясаткерлері, Парламент депутаттары және 200-ден астам ел мен халықаралық ұйымдардың шетелдік делегациялары қатысты.

Іс-шара соңында Қазақстан делегациясының басшысын Жапония премьер-министрі Фумио Кишида қабылдады. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Үкіметтің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтты.

Министр қазіргі Жапонияның аса көрнекті көшбасшыларының бірі С.Абэның Қазақстан – Жапония қарым-қатынастарын дамытуға қосқан ерекше үлесін атап өтті.

С.Абэ 2015 жылы Қазақстанға ресми сапармен келді және екіжақты ынтымақтастықты кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне шығарудың бастамашысы болды.

Жауап ретінде премьер-министр Ф.Кишида Қазақстан халқын қолдағаны үшін алғысын білдіріп, Мемлекет басшысына ізгі тілектерін жеткізді.

С.Абэ Жапонияның премьер-министрі ретінде ең ұзақ қызмет еткен көрнекті саясаткер ретінде өз халқының есінде қалды. Бұл бұрынғы премьер-министрдің екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ел тарихындағы екінші мемлекеттік жерлеу рәсімі болды, 1967 жылы Жапония елі Ёшида Сигэрумен қоштасқан болатын.

Все новости