00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Индонезиялықтарға Ахмет Байтұрсынұлы жайында деректі фильм көрсетілді

31.03.2023 | 17:15
Елорда ақпарат
100

Қазақстанның Индонезиядағы Елшілігінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аталып өтті, деп хабарлады Elorda.info Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Бұған «Dimash Indonesian Dears» жанкүйерлік клубының мүшелері, Джакартаның жалпы орта білім беру мектептерінің мұғалімдері, «Dompet Dhuafa» қайырылымдық қорының өкілдері, танымал индонезиялық блоггерлердің бірі Лиа Малик, сондай-ақ Индонезия жазушылар бірлестігінің мүшесі Асма Надия қатысты.

Іс-шара барысында Елшіліктің дипломаттары Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығы және саяси қызметі туралы презентация жасады.

Сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі мен әдебиетінің дамуына қосқан үлесі туралы деректі фильм көрсетілді.

 «Dimash Indonesian Dears» жанкүйерлік клубының мүшесі Тита Коссатита А.Байтұрсынұлының «Оқуға шақыру» өлеңін қазақ тілінде оқып беріп, оның мазмұнын индонезиялық тілде айтып берді, - деп жазылған хабарламада.

 

Все новости