00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

«Ләззат аламын, маған ұнайды»: Бойжеткен шикі ет жеуді әдетке айналдырған

31.03.2023 | 17:12
Елорда ақпарат
102

Екі жасынан бері шикі ет жеп жүрген АҚШ тұрғыны ерекше диетаның ағзаға тигізетін пайдасы туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info

Stan.kz-тің жазуынша, 24 жастағы Венди Маршалл шикі етті жеуге денсаулық үшін емес, дәмі жақсы болғандықтан ауысқанын айтады. Сонымен қатар, оның сөзінше, еттің құрамындағы В дәрумені ас қорытуға оң әсер етеді.

Америкада шикі ет жеген кезде, адамдар оны біртүрлі, оғаш деп санап, маған жақтырмаған кейіппен қарайды. Бірақ мен одан ләззат аламын, маған ұнайды, – дейді бойжеткен.

Венди әлеуметтік желі қолданушылары оны шикі етпен бірге ағзаға түсетін зиянды бактериялар және паразиттермен қорқытпақ болғанын атап өтті. Алайда бойжеткен олардың сөзін елемейді және тамақтану әдетін өзгертетін ойы да жоқ.

Британияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі сайтындағы ақпаратқа сәйкес, қажетті термиялық өңдеуден өтпеген етте тамақтан улануды тудыруы мүмкін бактериялар бар. Еттің толығымен піскенін оның мөлдір шырыны және бөліктің ішінде қызғылт және қызыл аймақтардың болмауы дәлелдейді.

Все новости