00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Каспий құбыр консорциумы өз жұмысын жалғастырады

25.02.2023 | 10:53
Елорда ақпарат
79

Консорциумға 200 мың рубль айыппұл төлеу міндеттелді.

200 мың рубль айыппұл төлеуге өзгертіліп, шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылсын, - деген Краснодар өңірлік сотының судьясы.

Еске салсақ, Новороссийскінің Приморск аудандық соты құжаттық заң бұзушылықтар үшін «КТК-Р» компаниясының қызметін 30 тәулікке тоқтатқан болатын.

Айта кетейік, КҚК мұнай құбыры жүйесі – Каспий өңірінен әлемдік нарықтарға мұнай тасымалдаудың ең ірі бағыты. Ұзындығы 1,5 мың километр магистральдық құбыр Батыс Қазақстан кен орындарын Ресейдің Қара теңіз жағалауымен байланыстырады, онда мұнай теңіз терминалы арқылы танкерлерге жөнелтіледі. Мұнай құбырының өткізу қабілеті – 67 миллион тонна. КҚК жүйесі бойынша Қазақстан өз мұнайының 80%-ға жуығын экспорттайды.

Все новости