00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Ливия жағалауында 294 мигрант құтқарылды

25.02.2023 | 07:43
Елорда ақпарат
132

Олар Жерорта теңізінде ағаш және резеңке қайықтарға отырып, 10 күн бойы құрлыққа жете алмай әбден қажыған.

Босқындарды Ocean Viking халықаралық гуманитарлық кемесінің еріктілері құтқарды. Мигранттардың арасында 49 бала мен 8 айлық сәбиі бар әйел де болған. Олар Сицилия аралына жеткізілді. Италияның Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша еуропалық елге жыл басынан осы сәтке дейін теңіз арқылы 19 мыңдай босқын келген.

Ұзақ уақыт теңізде жүріп қалған бұл адамдар түрлі жарақат алған. Қазір шұғыл медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Олар көп қиындық көрген, – деді байланыс қызметінің офицері Кандида Лопес.

Все новости