00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Канн кинофестивалі: 2022 жылғы үздік фильмдер белгілі болды

25.02.2023 | 07:33
Елорда ақпарат
79

Жеңімпаздарды жариялау рәсімі сенбі күні фестиваль сарайында өтті.

Екінші маңызды марапат - фестивальдің Гран-приі Лукас Донттың «Жақын» картинасына берілді.

Оңтүстік кореялық режиссер Пан Чхан Ук («Кетуге шешім» картинасы) үздік режиссерлік марапатқа ие болды.

Фестивальдің 75 жылдығына арналған арнайы жүлде ағайынды Дарденнің «Тори және Локита» фильміне табысталды.

Режиссер Хирокадзу Корээдтің «Брокер» фильміндегі рөлі үшін кореялық Сон Кан Хо үздік актер атанды, ал режиссер Әли Аббасидің «Қасиетті өрмекші» фильміндегі актриса Амир-Эбрахимиге үздік әйел рөлі сыйлығы берілді.

Швед режиссері Тарик Салехтің «Жұмақтағы жігіт» фильмі үздік сценарийлік жұмыс деп бағаланды. 

Қазылар алқасының жүлдесіне екі картина - итальяндық-бельгиялық режиссер Шарлотта Вандермерс пен Феликс Ван Грунингеннің «Сегіз тау» фильмі және поляк режиссері Ежи Сколимовскийдің «Иа» фильмі ие болды.

Дебюттік фильмге арналған «Алтын камера» марапаты «Ерекше көзқарас»

бағдарламасында көрсетілген Джин Гэммель мен Райли Кионың «Жауынгер пони» фильміне берілді.

75-ші Халықаралық Канн кинофестивалі 17-28 мамыр аралығында өтті.

 

Все новости