00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Климат өзгерісінен зардап шегетін елдер саны 130-ға жетуі мүмкін

25.02.2023 | 06:59
Елорда ақпарат
124

Мамандар әлемдік мұхит суының 10 сантиметрге көтерілуіне, оның жылынуы мен атмосферадағы парниктік газдың артуына және мұздықтардың еру жылдамдығына алаңдаушылық білдіріп отыр.

Бұл құбылыстар адамзат өмірі мен жер бетіндегі тіршілік көзіне үлкен қауіп төндіруде. Климаттық дағдарыстың белең алуынан жаһанда табиғат апаттары жиілей түсті. Салдарынан әлем экономикасы зардап шегіп, адам шығыны артуда. Мәселен, күні кеше қар құрсауында қалған Бразилияда 1 адам мерт болды.

Синоптиктер ерекше құбылыс «Якекан» циклонымен байланысты дейді. Жалпы соңғы жылдары әлемнің түкпір-түкпірінде су тасқыны, орман өрті мен қуаңшылық жиі тіркеле бастады.

Мамандардың болжауынша, алдағы жылдары климаттың өзгеруінен қатты зардап шеккен елдердің қатары 129-ға жетуі мүмкін.

 

Все новости