Берлинде Қазақстан киносының апталығы басталды
![](/img/articles/uploads/626a7c1e3f974190498205_23abcc5801.jpg)
Көрермендерге алғашқылардың қатарында режиссёр Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи картинасы көрсетілді. Массагеттердің патшайымы мен парсылардың Кир патшасы туралы фильмді тамашалау кезінде зал кісіге лық толды. Көрсетілім неміс астанасындағы ең атақты кинотеатрлардың бірі Zoo Palast-та өтті.
Көрермендердің айтуынша, актерлардың ойыны мен костюмдері ерекше әсер қалдырған.
Осы апталық аясында режиссёр Нұргелді Садығұловтың «Балуан Шолақ», Рашид Сүлейменовтің «Оралу» фильмдері, ал кішкентай көрермендер үшін режиссёрлер Тілек Төлеуғазы мен Тұрдыбек Майданның «Мұзбалақ» мультфильмі көрсетіледі.
Мен жаңа ғана фильмді көріп шықтым, картинадан керемет әсер алдым. Әсіресе майдан даласындағы көріністер көңілімнен шықты, оларды түсіру, каскадерлардың жұмысын жалпы бүкіл үдерісті ұйымдастыру өте қиын. Бұл керемет іс және тарихқа терең бойлауға тамаша мүмкіндік. Ерік-жігері мықты әйелдің бейнесі сәтті берілген. Сосын әрине костюмдер өте қатты ұнады, – деді фильм продюсері Тереза Кламанн.
Осы іс-шараның аясында біз үш көркем фильм, бір деректі фильм және бір балаларға арналған мультфильмді көрсетуді жоспарлап отырмыз. Әрине, екі ел қарым-қатынасындағы ерекше бір сала – мәдени дипломатия. Біз еліміздің салт-дәстүрін, мәдениетін кино арқылы жергілікті жұртшылыққа жеткізейік деген мақсатымыз. Бұл елшіліктің жеке жоспарлаған іс-шараларының бірі болып табылады. Қарым-қатынастың 30 жылдығы болғандықтан, әрине, біз осы мерейлі жыл аясында көптеген іс-шараларды жүзеге асыруға жоспарлап отырмыз, – деді ГФР-дағы ҚР елшісі Дәурен Карипов.
![Қырғызстанда сел жүріп, бес адам қаза тапты](/img/articles/b157bf246ef8d380bfc85b9c44b987e8.webp)
![Елімізде «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтеді](/img/articles/818aec816672fcf0b48288871fbc9938.jpeg)
![Қазақстандық әскерилер АҚШ-тағы жарыста үздік нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/8dd58e55288277e40fd44eb52f517ad2_1280x720_1594672952.jpg)
![Антарктидада көлемі Түркия елінің аумағындай мұз еріді](/img/articles/uploads/anadoly_c782e38a84.jpg)
![Газа секторындағы 28 қазақстандық елге оралады](/img/articles/uploads/11_photo1702216037_036b8ab41d.jpg)
![Бүгін жүзге жуық қазақстандық Газа секторынан эвакуацияланды](/img/articles/uploads/408012b9_9711_42ca_9ff1_50185c88260b_e9f647645e.jpg)
![Берлин тұрғындары қазақ мәдениеті мен қолөнеріне тәнті болды](/img/articles/uploads/8a34f79e_7928_4692_91a1_009fd84d9d24_cde7ca7ca0.jpg)
![Қазақстандық бітімгерлер Ливанға аттанды](/img/articles/uploads/photo_5361639398128602858_y_90ff992a62.jpg)
![Бейжіңде Әбу Насыр Әл-Фарабиге арналған бюст ашылды](/img/articles/uploads/Dizajn_bez_nazvaniya_3_8a17a6793c.png)
![Тель-Авивтегі Елшілік біздің азаматтарымызбен тұрақты байланыста - СІМ](/img/articles/uploads/IMG_6514_99c12609c5.jpeg)
![Әкесі – маймыл, шешесі – адам: Анголада ерекше бала тұрады (ФОТО, ВИДЕО)](/img/articles/uploads/63eb2b6d3660b552182275_43d3959880.jpg)
![Әлемдегі ең бай адам кім](/img/articles/uploads/oknn_f5e9a975d1.jpg)
![Өнертапқыш әйелдер: Wi-Fi-ды кім ойлап тапты (ФОТО)](/img/articles/uploads/622b1deeb5499661451716_bd135a7d67.jpg)
![«Хабар» Еңбек күніне орай ауқымды телемарафон ұсынады](/img/articles/uploads/a0843644_9e8e_4556_9497_7907662a0dc5_505d844c4c.jpg)
![Елімізде «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтеді](/img/articles/818aec816672fcf0b48288871fbc9938.jpeg)
![Бір топ адам мысықты тірідей өртеп жіберген](/img/articles/uploads/hthh_83527078c6.jpg)
![Джо Байден шалынып кетіп, оңбай құлады](/img/articles/uploads/ee_f649c543d9.jpeg)
![Қазақстандық әскерилер АҚШ-тағы жарыста үздік нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/8dd58e55288277e40fd44eb52f517ad2_1280x720_1594672952.jpg)
![Қазақстандық бітімгерлер Ливанға аттанды](/img/articles/uploads/photo_5361639398128602858_y_90ff992a62.jpg)
![Антарктидада көлемі Түркия елінің аумағындай мұз еріді](/img/articles/uploads/anadoly_c782e38a84.jpg)