00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

26 наурызда әлемде «Жер сағаты» экологиялық акциясы өтеді

25.02.2023 | 03:15
Елорда ақпарат
152

Акцияның негізгі мақсаты – адамдардың назарын Жер шарының ресурстарына жауапты және ұқыпты қарауға аудару. Бұл дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) ғаламдық акциясы және де бұл табиғатқа ұқыпты қараудың, планетамыздың шектеулі ресурстарына қамқорлық жасаудың символы. Жыл сайын 180 елден миллиондаған адамдар бір сағатқа шамдар мен электр құрылғыларын өшіреді.

Әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері акцияға үн қосып жарықтандыруды өшіреді. Олардың ішінде: Эйфель мұнарасы, Биг Бен, Колизей бар.

Қазақстанда да «Жер сағаты» акциясына қатысып келеді. Егер бұрын бұл науқанды тек ірі қалалар қолдаса, ал биыл үшінші жыл қатарынан еліміздің барлық өңірлері акцияға қосылады.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.30-да елордада нысандардың сыртқы сәндік жарығы өшіріледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын 26 наурызда сағат 19.30-дан бастап Mega silk way СОО-да өтетін офлайн іс-шараға қатысуға шақырамыз.

Қатысушылар үшін викторина ұйымдастырылады. Ең белсенді қатысушылар «Stopmusor» әлеуметтік жобасының арнайы сыйлықтарына ие болады.

Все новости