00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Коронавирус: Аустрия билігі барлық шектеуді алып тастайтынын мәлімдеді

25.02.2023 | 01:30
Елорда ақпарат
73

Осылайша, бұл мемлекет Еуроодақтағы коронавирусқа қарсы қатаң шара қабылдаған алғашқы ел болып отыр. Себебі онда «омикрон» штамын жұқтырғандар қатары көбейіп кеткен. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда, жалпы қазір COVID-19-ға шалдығу дерегі біршама төмендепті. Сондықтан Аустрия билігі наурыз айының басында барлық шектеулерді алып тастайтынын мәлімдеп отыр. Ал жергілікті халық міндетті вакциналауға қатысты түрлі пікір білдіруде.

Вакцина салғызудың міндетті болғаны, әрине, өкінішті. Өйткені адамдардың өзі саналы түрде екпе алуы керек еді», «Мен міндетті вакциналауға қарсымын. Себебі бұл азаматтық құқығымызды бұзады. Әр адамда таңдау болуы керек, дейді тұрғындар.  

Ал Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар қатары азайып келеді. Өткен тәулікте барлығы 523 адам індет жұқтырды. Ауру жұқтырғандар Алматы қаласында ең көп тіркелген. Соңғы ақпар бойынша бір күнде мегаполисте 144 жағдай анықталып отыр. Сондай-ақ «қызыл» аймақта бірде-бір өңір қалмады. Еліміздің басым бөлігі «жасыл» аймақта тұр. Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары «сары» аймақта.  

 

Все новости