00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Бірнеше ел өз азаматтарын Украинадан кетуге шақырып жатыр

25.02.2023 | 00:15
Елорда ақпарат
107

Orda.kz сайтының жазуынша, Украина аумағынан кетуге шақырулар соңғы 24 сағатта көбейе түскен. Ресей мен Украина арасындағы ықтимал соғыс қимылдары туралы хабарлар көптеген елде  алаңдаушылық туғызып отыр.

Ағымдағы жағдайды ескере отырып, сақтық шаралары үшін біз өз азаматтарымызға қолжетімді коммерциялық рейстермен елден уақытша кетуге, сондай-ақ Украинаға маңызды емес сапарларды кейінге қалдыруға кеңес береміз, – деді Италия елшілігі 12 ақпан күні түстен кейін.

Италиядан басқа, Швеция, Чехия, АҚШ, Нидерланды, Жапония, Оңтүстік Корея, Израиль, Черногория, Норвегия, Латвия, Ұлыбритания, Эстония, Канада, Бельгия, Жаңа Зеландия, Аустралия, Финляндия, Германия және тағы да басқалары азаматтарына Украинадан кетуді ұсынуда.

Ресей елшілігінің қызметкерлері де Украинадан кетіп жатыр деп хабарлайды РИА Новости.

Соңғы уақытта интернетте Украина мен Ресей шекарасындағы алдағы қақтығыс туралы көптеген хабарлама пайда бола бастады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Ресей тарапы болжамды әскери іс-қимыл орнына әскери техника мен адамдарын  тартуда.

Әзірге әскери қимылдар туралы ресми расталған ақпарат жоқ.

Все новости