00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Президент Саха Республикасының басшысын қабылдады

18.04.2024 | 14:21
55
Саха республикасы
Фото: дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге жұмыс сапарымен келген Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевпен кездесті, деп хабарлады Elorda.info  Ақордаға сілтеме жасап. 

Қабылдау барысында Презилент Қазақстан мен Саха (Якутия) Республикасының сан қырлы байланыстары қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Өзара тауар айналымының айтарлықтай артуы – соның айқын дәлелі.

Біз өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастық перспективаларына зор ықыласпен қараймыз. Сіздің Республикаңызға, якут халқына деген құрметіміз ерекше. Қос халыққа ортақ дүниелер көп. Сізбен бірге құрамында іскерлік топтар мен мәдениет өкілдері бар үлкен делегация келгенін айрықша атап өткім келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанда Саха Республикасының күндерін өткізу бастамасын қолдады. Оның аясында мәдени және спорттық шаралар ұйымдастыру, Якутияның инвестициялық, туристік әлеуетін таныстыру жоспарланған.

Өз кезегінде Айсен Николаев көрсеткен сый-құрметі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Саха Республикасы мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың жандана түскенін жеткізді

Сондай-ақ ол Қазақстан халқына қолдау көрсетіп, су тасқыны салдарынан туындаған барлық қиындықты тезірек еңсеруге тілектестік білдірді.

 Біз Қазақстанға Саха Республикасының күндерін өткізу мақсатында келдік. Астана мен Алматы қалаларында мәдени, спорттық, іскерлік бағытта көптеген шара ұйымдастыру жоспарланған, – деді Айсен Николаев.

 

Барлық жаңалықтар