00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Ерлан Қошанов: Наурыз – ұлтымызды ұйыстыратын ұлағатты мейрам

22.03.2024 | 11:07
38
Ерлан Қошанов: Наурыз – ұлтымызды ұйыстыратын ұлағатты мейрам
Фото:

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Ардақты ағайын!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – жақсылық пен ізгілікті, ырыс пен ынтымақты, береке мен молшылықты айшықтап, ұлтымызды ұйыстыратын ұлағатты мейрам.

Бабаларымыз бағзыдан төрт түлік түлеп, тіршілік қайта жаңаратын кезеңді жыл басына балаған.

Бұл күнді ізгі ниетпен, зор үмітпен қарсы алған. Сондықтан осы шуақты мерекенің халқымыз үшін мән-маңызы ерекше.

Бүгінде ата дәстүріміз, салтымыз, мәдениетіміз бен тарихымыз қайта жаңғырып жатыр. Биылдан бастап Наурыз мейрамын жаңа форматта атап өтудеміз.

Әз-Наурыз елімізге құт-береке, әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш әкелсін!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! - делінген құттықтауда.