00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада ұры полиция мен көліктерді қағып-соғып қаша жөнелген (ВИДЕО)

24.02.2023 | 14:58
Елорда ақпарат
45

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 13:55-те 102 нөміріне Қарағанды облысының Жаңарқа елді мекенінен таңғы сағат 05:00-де «Митцубиси» маркалы көліктің қолды болғаны туралы бағыттама түскен.

«Қабылданған іс-шаралардың арқасында аталған көлік елорда аумағында байқалды. Автопатрульдерге көлік ұрысын ұстау туралы ақпарат жедел таратылды. Жүргізуші полиция қызметкерлерінің «тоқта» деген заңды талабына бағынбай, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, жол жүрісі ережесін өрескел бұзды» делінген полиция хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, полиция қызметкерлері күдікті көлікті Тәшенов көшесінің бойында қоршауға алған. Бірақ ұрланған көліктің рөлінде отырған ұры артқа жүріп, полиция қызметкерін қағып кеткен. Салдарынан тәртіп сақшысы дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

«22 жастағы құқық бұзушы ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Көлікті айдап әкетумен қатар, күдіктінің үстінен ҚР ҚК-нің 380-бабы 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалды» деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram-дағы racinglifeinastana парақшасына жарияланды. Одан бір емес, бірнеше жеңіл көліктің бүлінгенін көруге болады.

Барлық жаңалықтар