00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ұлттық ұлан академиясына жаңа басшы тағайындалды

25.02.2023 | 14:17
Елорда ақпарат
46

Ұлттық ұланда полковник Артур Тоқышевті барлығы жақсы біледі. Ол 5513, 7552, 6654 әскери бөлімдерінің командирі болды. ҚР Қарулы Күштері Әскери академиясы мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушысы болды. Артур Қалиақпарұлы Ұлттық ұлан үшін офицер кадрларын даярлау жөніндегі кадр саясатын қалыптастыруға және жүргізуге үлкен үлес қосатынына сенімдімін, - деді Еркін Ботақанов.

Артур Тоқышев Ресей ІІМ Ішкі әскерлерінің жоғары әскери командалық училищесінің курсантынан Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы Бас штабы бастығының бірінші орынбасарына дейін қызмет жолынан өтті. Әр жылдары Ұлттық ұланның 5513 (Тараз қаласы), 7552 (Алматы қаласы), 6654 (Қаракемер кенті) әскери бөлімдеріне басшылық етті. Ұлттық қорғаныс университетінің жедел өнер және тактика кафедрасының аға оқытушысы болды. 2015 жылдың қазан айынан бастап Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы Бас штабы бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Сондай-ақ Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасының жаңа бастығы – Дінмұхамед Мырзатаев та жеке құрамға таныстырылды.

Барлық жаңалықтар