00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Еліміздің жеті облысына прокурорлар тағайындалды

25.02.2023 | 12:11
Елорда ақпарат
38

Мемлекет басшысымен келісе отырып, бас прокурордың бұйрығы бойынша бірқатар облыстың прокурорлары тағайындалды, - делінген ведомство хабарламасында.

Жаңадан тағайындалған прокурорлар:

  • Жаңадан құрылған Ұлытау облысының прокуроры болып 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Жарқынбек Кендірбекұлы Бақашбаев тағайындалды.
  • Абай облысының прокуратурасын 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ерлан Масғұтұлы Абаев басқарады.
  • Аға әділет кеңесшісі Мадияр Бекенұлы Басшыбаев Жетісу облысының прокуроры болып тағайындалды.
  • Серік Рысқалиұлы Шалабаев Батыс Қазақстан облысының прокуроры болды.
  • Ақтөбе облысының прокуроры 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Халидулла Зиноллаұлы Дәуешов болды.
  • Маңғыстау облысының прокуроры қызметіне аға әділет кеңесшісі Руфат Бауыржанұлы Құттуков тағайындалды.
  • Бауыржан Альбертұлы Жұмақанов Атырау облысының прокуроры болып тағайындалды.

Сондай-ақ, Бас көлік прокуроры 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Тимур Қайырбекұлы Сүлейменов болды.

Барлық жаңалықтар