00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Футболдан ұлттық құрамаға жаңа бас бапкер тағайындалды

25.02.2023 | 02:13
Елорда ақпарат
37

Андрей Владимирович қазақстандық жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол ұлттық құрамада ең көп матч (55) өткізген ойыншылардың бестігіне кіреді. Бірнеше рет капитан ретінде алаңға шыққан болатын.

Карпович өзінің клубтық мансабында «Елім-ай», «Ертіс», «Қайрат», «Локомотив», «Ордабасы», «Шахтер», «Атырау», «Алтай», сондай-ақ, ресейлік «Ростсельмаш» және мәскеулік «Динамо» командаларында ойнады.

Карпович бапкерлік мансабын «Қайрат» клубында бастап, одан кейін 2 жыл «Оқжетпесті» жаттықтырды. 2021 жылдың басынан «Қызылжардың» бас бапкері.

Жаңа бас бапкердің командасы үшін алғашқы сынақ 24 наурызда Молдова құрамасына қарсы болады.

Барлық жаңалықтар