00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімі тағайындалды

24.02.2023 | 23:58
Елорда ақпарат
82

Есенбаев Асылбек Есімханұлы білімі бойынша экономист, 1998 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Саяси ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Қазақстанның даму институтының ғылыми қызметкері болып бастаған. Әр жылдары елорда әкімдігінде, «Стратегия» талдау орталығы, ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты сияқты ғылыми-зерттеу құрылымдарында жұмыс істеді.

Мемлекеттік қызметте — ҚР Президенті Әкімшілігінде, Қауіпсіздік кеңесінде, Премьер-министрі кеңсесінде жұмыс тәжірибесі бар. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2019 жылдан бастап 2021 жылдың наурызына дейін Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасының, Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы лауазымын атқарды. 2021 жылдың сәуір айынан бастап «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма төрағасы лауазымын атқарды.

 

 

Барлық жаңалықтар