00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Қытаймен шекарадағы өткізу пункті уақытша жабылады

15.08.2023 | 12:00
75
Фото: ашық дереккөз

Қытаймен Қазақстан арасындағы шекарадағы «Бақты» өткізу пункті 18-20 тамызда жұмыс істемейді, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Жыл басынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде орналасқан өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру жөніндегі жоба шеңберінде Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан «Бақты» автомобиль өткізу пунктін қайта жаңарту жүргізілуде.

Жұмыстарды жүргізу кестесі бойынша 2023 жылғы 18-20 тамыз аралығында өткізу пунктінің автомобиль жолы арқылы өтетін сыртқы сумен жабдықтау желілерін төсеу жоспарланған.

Осыған байланысты, Комитет жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу барысында автокөлік құралдарының жүруіне мүмкіндік болмағандықтан, 2023 жылғы 18-20 тамыз аралығында «Бақты» өткізу пунктінің жабылатыны туралы хабарлайды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - делінген дереккөз таратқан мәліметте. 

«Бақты» өткізу пунктінің қайта ашылуы 2023 жылғы 21 тамыздан бастап штаттық режимде жоспарланып отыр.

Барлық жаңалықтар