00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Нарықта тұрғын үй бағасы қымбаттады

11.07.2023 | 14:00
58
Фото: ашық дереккөз

Биыл тұрғын үй нарығындағы бағада былтырғымен салыстырғанда өсім бар, деп хабарлады Elorda.info Qazstat сайтына сілтеме жасап. 

2023 жылдың маусым айындағы көрсеткіш бойынша жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрі 486 880 теңгені құраса, қолданыстағы тұрғын үйдің шаршы метрлік бағасы  503 185 теңге.  Ал жалға алу 4 633 теңге көлемінде. 

2022 жылға қарағанда жаңа тұрғын үй нарығындағы баға 5 пайызға артқан. Мәселен, Павлодарда 18,1, Ақтауда 18 пайызға көбейген. Ал Көкшетау (3,1 пайыз) мен Шымкентте (0,6 пайыз) пайыздық көрсеткіш сәл түскен.   

Қолданыстағы тұрғын үй нарығы 1,9 пайызға өскен. Семейде 29,9, Ақтөбеде 22,4, Қызылордада 19, Қостанайда 18,8 пайызға артса, Астанада 5,5 пайызға кеміген. 

Жалпы елде тұрғын үйді жалға алу қткен жылмен салыстырғанда  26,8 пайызға өсті. Кейбір жекелеген  аймақтарда тіптен көтеріліп кеткен. Мәселен, Көкшетауда 45,5, Петропавлда 41,5, Ақтауда  41,1, Алматыдағы жалдамалы үйлер бағасы 38,8 пайызға артса, Түркістанда керісінше ғана пәтер жалдау бағасы сәл (3 пайыз) түскен. 

Барлық жаңалықтар