00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізде жаңа ветеринариялық зертханалар салынады

27.11.2023 | 15:00
80
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына толықтырулар енгізіледі, деп хабарлады Elorda.info

Бұған дейін тұжырымдама ветеринар мамандардың жалақысын көтеру, мал өсімін молайтатын жаңа технологиялар енгізу, сектордағы экологиялық мониторингті дамыту мақсаттарын көздесе, ендігі толықтырулар ғылыми бағыттарға негізделген.

Атап айтқанда, материалдық-техникалық базаны жақсарту, оның ішінде:

12,3 млрд теңгеге ветеринариялық зертханалар үшін заманауи зертханалық жабдықтар сатып алу;

6 млрд теңгеге типтік мал қорымдары салу (биотермиялық шұңқырларды);

2,8 млрд теңгеге ветеринариялық пункттер салу;

10,9 млрд теңгеге ветеринариялық зертханалар салу;

3,2 млрд теңгеге 32 стационарлық ветеринариялық-бақылау бекеттерін салу және басқа шаралар жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің түсіндіруінше, зертханалар соңғы рет 2008 жылы аналитикалық жабдықтармен жарақтандырылған. Олардың көбі қазір ескіріп, тіпті өндірістен шығарылғандары да бар.

Қолданыстағы материалдық-техникалық жағдай қазақстандық кәсіпорындарға қатысты РФ және РБ нәтижелерін қайта растауға, сондай-ақ үшінші елдер мен ЕАЭО елдерінің экспорттық нарығында бәсекелесуге мүмкіндік бермейді. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің экспортын сақтау мақсатында республикалық бюджеттен зертханалық жабдықтарды сатып алуға қаржы бөлу қажет, – делінген АШМ түсіндірме жазбасында.

Барлық жаңалықтар