00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астана тұрғын үйді пайдалануға берудің жоғары көрсеткішін көрсетті

16.05.2023 | 10:42
36

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Қаңтар айынан бері 4,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,9%-ға жоғары. Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары көрсеткіштері Алматы, Шымкент және Астана қалаларында, сондай-ақ Алматы облысында байқалды, - деді министр. 

Сондай-ақ министр ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 3,6%-ға ұлғайғанын айтты. 

Ауыл шаруашылығында өндірістің оң өсуі барлық өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсуді Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстары көрсетті. Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 2%-ға жоғарылады. Бұл ретте газ өндіру – 4,4%-ға, мұнай өндіру – 3,2%-ға, өзге де пайдалы қазбаларды өндіру – 20,6%-ға өсті, - деді Әлібек Қуантыров.

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

Барлық жаңалықтар