00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілерінің саны азайды

01.04.2023 | 00:09
Елорда ақпарат
46

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, елімізде 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда (24 294) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 0,7%-ға азайды, деп хабарлады Elorda.info.

Zakon.kz жазуынша, осы жылдың ақпан айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 24 118 мәміле тіркелген. Оның ішінде жеке үйлер бойынша 6 174 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша – 17 944 мәміле.

Мәмілелер саны бойынша Алматы (4 231– 17,5%) және Астана (4 208– 17,4%) қалалары алғашқы орындарда. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 265 бірл. (1,1%).

2023 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда ақпанда ең көп өсім Шығыс Қазақстан (26,1%), Ақмола (15,5%) және Жамбыл облыстарында (15,4%) тіркелді.

Мәмілелер саны бойынша көш басында тұрғанына қарамастан, бір айдағы ең үлкен төмендеу Алматы қаласында (-24,4%), сонымен қатар, Жетісу (-13,3%) және Ұлытау (-7%) облыстарында болды, - деп жазылған хабарламада.

2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 2,6%-ға (471 мәмілеге) азайған. Ақпан айында пәтерлер бойынша барлығы 17 944 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 74,4%-ы. Бөлмелер саны бойынша ақпанда 1 бөлмелі 6 935 пәтер ресімделді. Алып-сатудың негізгі үлесі Алматы және Астана қалаларына (55%) тиесілі.

2023 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны, керісінше, 5%-ға (295 мәмілеге) өсіп, 6 174 болды. Сандық мәнде ең үлкен өсім Түркістан облысында (+88 мәміле), ең үлкен төмендеу Қарағанды облысында (-42 мәміле) байқалды.

2023 жылдың ақпанында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда шамамен 2 есе (48,2%-ға) азайған. Ол кезде 46 577 мәміле ресімделген болатын. Төмендеудің ең үлкен көрсеткіші Қарағанды облысында (-69,3%) байқалды. 

Барлық жаңалықтар