00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елімізде электромобильдер саны 65%-ға артты

31.03.2023 | 23:12
Елорда ақпарат
50

Қазақстанда электр қуатымен жұмыс істейтін автомобильдер саны бір жылда 65,4%-ға өсіп, 812 көлікті құрады, деп хабарлады Elorda.info inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Ресурстың жазуынша, мұндай өсім 2017 жылдан бері алғаш рет байқалып отыр. Десек те, елдегі электромобильдердің үлесі бүкіл автопарктің тек 0,02%-ын құрайды.

Электр қуатымен жұмыс істейтін автомобильдердің ең көп саны Алматыда тіркелді: 420 көлік. Үздік үштікте Солтүстік Қазақстан облысы (108 көлік) және Астана қаласы (61 автомобиль) бар.

Heycar мәліметтеріне сәйкес, былтыр әлем бойынша электромобильдер сатылымы 40%-ға өсті. Әрбір оныншы жаңа көлік электромобиль болған. 2022 жылы ең көп сатылған электромобиль – жаңа Tesla Model Y.

Жалпы алғанда, өткен жылы секторда әлем бойынша 1,6 миллион жаңа көлік тіркелген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2%-ға аз.

Барлық жаңалықтар