00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қор нарығында доллар арзандады

31.03.2023 | 22:14
Елорда ақпарат
35

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлады Elorda.info.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,55 теңгеге төмендеп, 1 доллар 462, 04 теңге болған.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 23 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 462, 55 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 460 теңгеден болса, сатып алу – 463. Ал Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 462,5 теңге, сатып алу – 464,5 теңге.

Ресей рублі 6,35 – 6,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банк дерегіне сәйкес, 23 қаңтар күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 6,74 теңге болды.

Барлық жаңалықтар