00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елімізде сүт бағасы қымбаттап кетті

31.03.2023 | 22:14
Елорда ақпарат
39

Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдері біршама қымбаттап кеткен, деп хабарлады Elorda.info. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың желтоқсанында 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда өсімдік шаруашылығы өнімдері бойынша қант қызылшасының 29,8%-ға қымбаттауы байқалды. Алайда асханалық қызылшаның бағасы 6,9 пайызға арзандады. Сондай-ақ өндірушілердің бағасы қиярға 18,5%-ға, пиязға 10,9%-ға, қызанаққа 6,5%-ға және картопқа 2,4%-ға өсті.

Дәнді дақылдар арасында ең жоғары баға өсімі жүгері – 17%, арпа – 13%, күріш – 10,4% және бидай – 9,3% бойынша тіркелді.

Жем-шөп дақылдары бір жылда 12,4%-ға, кептірілген бұршақ 8,4%-ға, күнбағыс тұқымдары 5,4%-ға қымбаттады. Баға қырыққабатқа – 0,4%, асханалық сәбізге – 0,3%, зығыр тұқымына – 4,1% және кептірілген жасымыққа – 2,6% төмендеді.

Мал шаруашылығы бойынша бір жыл ішінде өндірушілердің бағасы шикі сүтке (сиыр, бие, түйе) – бірден 23,7%-ға, жұмыртқаға – 18,6%-ға және балға – 1%-ға өсті. Сонымен қатар тірілей салмақта шошқа 27,7%-ға, құс 10%-ға, жылқы 8,2%-ға, қой мен ірі қара малдың әрқайсысының бағасы 7,4%-ға өсті, – делінген хабарламада.

Қой мен ешкіден қырқылған жүн бағасы 14%-ға арзандады.

Барлық жаңалықтар