00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

1 милионнан аса адам өзін банкрот деп жариялауы мүмкін

31.03.2023 | 21:55
Елорда ақпарат
60

Елде 1 миллионнан аса адам өзін өзі банкрот деп жариялауы мүмкін. Олардың 95 пайызы бұл рәсімді соттан тыс онлайн жүзеге асыра алады, деп хабарлады Elorda.info.

Дегенмен, 24.kz-тің жазуынша, банкроттық қарызды кешіретін акция емес. Елордада мыңға жуық тұрғын қатысқан семинарда Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов осылай деді.

Жиында жалған құжат тапсырып, өзін қолдан банкрот жасауға талпынған азаматтар жауапқа тартылатыны айтылды. Иә, жаңа заңның айналасында, алып-қашпа әңгіме өріп жүр. Мұны алаяқтар өз пайдасына асырып жатқан сыңайлы. Себебі әлеуметтік желіде қарыз көлемінің бір бөлігін ұстатсаң, банкрот болуға көмектесемін деген жарнамалар қаптап кетті. Вице-министр мұндай хабарлама таратқандарға да шара қолданылады деді.

Қазір айлакерлер пайда болды. Желілерде 10 пайызын берсеңіз банкрот деп танимын деген. Ондай хабарламаларға жүгіну қажет емес. Біріншіден, алданып қалады, қаражатынан айырылады. Оның салдары болады. Барлық тәсіл тегін өткізіледі, - деді Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

Барлық жаңалықтар