00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қымбаттады

31.03.2023 | 21:54
Елорда ақпарат
39

Елімізде өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары 0,4%-ға, жылдық мәнде 23,3%-ға өсті, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.

Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елді мекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады, - деді бюро өкілдері.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 10 қаңтар/:

- күнбағыс майы – 907 тг/л:

- пияз – 131 тг/кг;

- сүзбе – 1 894 тг/кг.

Барлық жаңалықтар