00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Соттан тыс банкроттық рәсімдеген азаматтарға бірқатар шектеу енгізіледі

31.03.2023 | 20:43
Елорда ақпарат
58

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте соттан тыс банкроттық рәсімдеген азаматтар бірқатар шектеуге тап болатынын мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Соттан тыс банкроттық рәсімдеген азаматтар үшін қандай салдар туындайтынын айтқым келеді. Банкроттық рәсімдеген азаматтардың белгілі бір жауапкершіліктері пайда болуы мүмкін. Атап айтсақ, жеке тұлға банкрот деп танылған күннен бастап оның мойнындағы борыш міндеттемесінің күні өткен болып саналады. Бұл – жақсы жағдай. Ал, банктер тұрақсыздық айыппұлын, өсімпұлды және сыйақы өтемін есептеуді тоқтатады. Берешекті өндіріп алу туралы сот шешімдері тоқтатылады. Борышкерге несие алу, кепілдік беру бойынша мәмілелер жасауға тыйым салынады, - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, процедураның бәрі цифрлық форматта жұмыс істеуі мүмкін.

Соттан тыс банкроттық «Электрондық Үкімет» веб-порталымен байланысты болады. Кез келген азамат сайтта арыз беру арқылы жүгіне алады. Керекті мемлекеттік органдар соның негізінде сараптама жүргізеді. Қорытындысын дайындап, кірістер комитетіне жолдайды. Соңғы шешімді Мемлекеттік кірістер комитеті бүкіл мемлекеттік органдардан қорытынды алғаннан кейін шығарады, - деді Біржанов.

Барлық жаңалықтар