00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Еліміздің экспорт көлемі 35 пайызға артты

31.03.2023 | 20:26
Елорда ақпарат
39

Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 98,4 млрд долларды құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда (72,9 млрд доллар) 35%-ға артық, деп хабарлады Elorda.info.

Елімізден экспорттың номиналды көлемі 63,8 млрд долларды құрайды, бұл 2021 жылдың 9 айымен салыстырғанда (43,3 млрд доллар) 47,5%-ға артық.

Экономикалық зерттеулер институтының есептеулері бойынша, Қазақстан экспортының нақты өсімі – шамамен 2,8-3%. Көрсеткіштің өсуі негізгі экспорттық тауарларға бағаның жоғары болуына байланысты.

Елдер бойынша экспорт:

- Италияға 84%-ға, яғни 11,2 млрд долларға;

- Қытайға 43%-ға, яғни 10,3 млрд долларға;

- Ресейге 15%-ға, яғни 5,9 млрд долларға;

- Нидерландыға 24%-ға, яғни 4,1 млрд долларға;

- Кореяға 2,9 есе, яғни 3,6 млрд долларға;

- Түркияға 71%-ға, яғни 3,6 млрд долларға;

- Өзбекстанға 36%, яғни 2,6 млрд долларға дейін өсті.

2022 жылдың 9 айындағы Қазақстан экспортының көлемі  (63,8 млрд доллар) өткен 7 жылдағы көрсеткіштен асты. Соңғы рет ұқсас өсім 2014 жылы (79,5 млрд доллар) тіркелген.

Барлық жаңалықтар