00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстанда машина жасау өндірісі артты

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында ел экономикасы туралы баяндамасында мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info тілшісі. 

Сандық деректерге сәйкес, елімізде машина жасау өндірісі 7,7%-ға өсті. Атап айтқанда, автомобиль жасау – 18,3%-ға, электр жабдықтарын жасау – 12,4%-ға артты. 

Химия өнеркәсібі тауарлары — 10,6%, жеңіл өнеркәсіп тауарлары – 7,8%, сусындар – 8,9%, пластмасса бұйымдары – 4%, мұнай өңдеу өнімдері – 3,7%, азық-түлік тауарлары – 3,5%-ға өсті. Салалар бөлінісінде тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсету – 17,8%-ға, көмір өндіру– 1,6%-ға металл кендерін өндіру – 0,6%-ға ұлғайды. Пайдалы қазбаларды өндіруде 9,9%-ға төмендеуі байқалды, – деді Ә. Қуантыров. 

Барлық жаңалықтар