00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізде сыртқы сауда тауар айналымы 35%-ға өсті – министр

Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2,5%-ды құрады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында айтты, деп хабарлады Elorda.info тілшісі. 

Соңғы 10 айда сыртқы сауда тауар айналымы 35%-ға өсті. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 47,5%-ға ұлғайды. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 37,5%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде оң өсім сақталып келеді. Осы жылғы қаңтар-қазандағы өндіріс көлемі 4,3%-ға өсті. Көрсеткіш өсімі 16 өңірде тіркелді. Соның ішінде Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы ең жоғарғы өсімді көрсетті, – деді министр.

Барлық жаңалықтар