00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елімізде инфляция тағы да өсті

31.03.2023 | 19:43
Елорда ақпарат
57

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда инфляцияның өсіп келе жатқанын хабарлады, деп хабарлады Elorda.info. 

Бюро мәліметінше, қазан айында айлық инфляция – 1,6%, жылдық инфляция – 18,8%. Айта кетейік, қыркүйек айында жылдық инфляция 17,7% болған.

Қыркүйекпен салыстырғанда қазанда:

азық-түлік емес тауарлар – 1,7%
ақылы қызметтер – 1,7%
азық-түлік тауарлары – 1,4% қымбаттады.

Азық-түлік емес тауарлардың ішінде жуу және тазалау құралдарының бағасы ең көп көтерілді – 5%, киім мен аяқ киім, жеке тауарлар, тұрмыстық тауарлар 2,1%-ға, ыдыс-аяқ 1,9%-ға, тоқыма бұйымдары 1,7%-ға қымбаттады.

Тас көмір құны 2,1%-ға, отын бағасы 1,7%-ға өсті.

Өткен айда ақылы қызметтерге баға деңгейі 1,7%-ға өсті. Қонақ үй қызметтеріне бағаның 6%-ға, кешенді демалыс ұйымдарына – 4%-ға, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 3,3%-ға, моншаларға – 3%-ға, балаларды дамыту орталықтарына – 2,9%-ға, қоғамдық тамақтандыруға – 2,2%-ға өсуі атап өтілді.

Азық-түлік тауарларының бағасы 2022 жылдың қазан айында 1,4%-ға өсті. Қызанақ 21%-ға, қияр 14,7%-ға, жұмыртқа 6,3%-ға, балық пен теңіз өнімдері 2,3%-ға, тоқаш және ұн өнімдері 2,2%-ға, алкогольсіз сусындар 1,9%-ға, ірімшік пен сүзбе 1,8%-0ға қымбаттады.

Керісінше, сәбіз – 5,6%, қызылша – 5,5%, пияз – 5,1%, картоп – 3,5%, қырыққабат – 2,6% арзандады. Түйіршіктелген қанттың бағасы 2,3%-ға төмендеді.

Барлық жаңалықтар