00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Әлихан Смайылов Вагит Алекперовпен мұнай-газ жобаларын талқылады

31.03.2023 | 17:31
Елорда ақпарат
37

Премьер-министр Әлихан Смайылов Ресей өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағының энергетикалық саясат және энергия тиімділігі жөніндегі комитетінің төрағасы Вагит Алекперовпен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Тараптар геологиялық барлау жүргізу және мұнай кен орындарын игеру, сондай-ақ бұрғылау қондырғыларын жаңғырту, логистика және салық салу бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. 

Әлихан Смайылов Қазақстан Үкіметі бірлескен жұмысты жалғастыруға және ынтымақтастықтың жаңа ықтимал бағыттарын айқындауға дайын екенін атап өтті. 

Өз кезегінде Вагит Алекперов Қазақстан аумағында инвестицияларды одан әрі кеңейтуге және жаңа жобаларды әзірлеуге мүдделі екенін айтты.

Барлық жаңалықтар