00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Полиция қызметкерлері оқушыларға сабақ өткізеді

25.02.2023 | 14:26
Айман Нығмет
46

Бұл сабақтарға білім беру ұйымдарының өкілдері де, құқық қорғау органдарының өкілдері де қатысады.

Қыркүйектің басынан бастап 5 мыңнан астам полиция қызметкері мектептерге барып, профилактикалық сабақтарды бірлесіп өткізеді. Бұған мұғалімдер, директордың орынбасарлары және директорлар белсене қатысады. Оқу жылының басында ішкі істер органдарынан мектеп жанындағы кезекшілікті күшейтіп, қажет жерлерге арнайы жол белгілерін қойып, алдын алу шараларын жүргізуді сұраймыз. Барлық мектеп автобустарын, сондай-ақ қауіпсіздік жүйелерін тексеруді аяқтау қажет. Бұл жұмысты бірлесіп атқарамыз деп ойлаймын, - деді Оқу-ағарту министрі.

Сондай-ақ, Асхат Аймағамбетов кәсіби күзет агенттіктері мектептердің ерекшеліктерін білуі қажет екенін айтты. Онымен қоса, тәжірибелі қызметкерлердің жиі ауыспауы және мектептің ерекшеліктерін білуі үшін оларды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету керегіне тоқталды. 

Біз бұл мәселелерді жұмыс тәртібінде шешуді ұсынамыз және білім беру ұйымдарымен жұмыс істейтін лицензиясы бар күзет ұйымдарына қойылатын қазіргі талаптарға жеке тармақ енгіздік, - деп толықтырды сөзін Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, мәселелерді талқылау аяқталғаннан кейін министрлер Нұр-Сұлтан қаласындағы ПД жедел басқару орталығында мектептердің техникалық дайындығын тексерді.

 

Барлық жаңалықтар