00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстандықтардың банк алдындағы берешегі қанша

25.02.2023 | 12:16
Айман Нығмет
43

Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, экономикаға қарыздар портфеліндегі мерзімін өткізіп алу үлесі ағымдағы жылы шамамен 3%-ды құрады, ал бір жыл бұрын ол 6%-дан асты.

ҚР ЕДБ арасындағы еліміздің ең ірі кредиторы Halyk Bank болып табылады. Шоғырландырылған аудиторлық қаржылық есептіліктің деректері бойынша 2021 жылдың соңына қарай банк берген қарыздар 6,3 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылға қарағанда 29,6%-ға артық. Сонымен қатар Ресейдің еншілес Сбербанкі берген қарыздар 2021 жылдың соңына қарай 2,3 трлн теңгені құрады.

ЦентрКредит Банкінің кредиттік қоржынының құрылымы мынадай: 55,6% - жеке тұлғаларға, 6,6% – сауда секторына, 5,7%  – жылжымайтын мүлікті жалға беру секторына, 5% - энергетикаға, 4,7%- мұнай-газ саласына берілген несиелер.

 

Барлық жаңалықтар