00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елімізде бірқатар автожол жобалары FIDIC қағидаттарымен реттеледі

25.02.2023 | 11:25
Айман Нығмет
44

Мемлекет басшысы Қазақстанға автожол саласына FIDIC халықаралық қағидаттарын енгізу қажеттігі туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

«Бұл жүйе жол саласын тиімді басқаруға, бюджет қаражатын ұтымды пайдаланып, барлық деңгейдегі жемқорлық қаупін азайтуға мүмкіндік бермек», - деп жеткізді Президент.

Біздің елімізде «Балқаш - Бурылбайтал - Күрті - Қапшағай», «Қандыағаш - Мақат» және «Атырау –Астрахань - РФ шекарасы» автожолдары жобалары FIDIC келісімшарттары бойынша жұмыс істеуде.

Бұл ретте ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінде барлық жол жобаларына халықаралық стандарттарды енгізу жұмысы жүргізіліп келеді. Қазіргі уақытта ҚМ және ҰЭМ өкілдерімен жобалық команда құрылды. Жұмыс тобы қолданыстағы бюджет заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Барлық жаңалықтар