00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елімізде мұнай экспорты 12 пайызға өсті

25.02.2023 | 11:15
Айман Нығмет
33

Energyprom.kz сарапшыларының мәліметі бойынша, Қазақстанда өндірілген барлық шикі мұнай экспортқа жіберілді. Мәселен, 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында 25,3 млн тонна өндірілді.Ооның 24,4 млн тоннасы экспортқа кетті. Бұл ретте ішкі нарықтағы өткізу көлемі 2 еседен астамға, 1 млн тоннаға дейін қысқарды.

Қаңтар-мамыр айларында битуминозды минералдардан алынған 30,2 млн тонна шикі мұнай мен шикі мұнай өнімдері экспортталды. Көлемнің жартысынан астамы Италияға (8,3 млн тонна), Нидерландыға (3,3 млн тонна), Оңтүстік Кореяға (2,5 млн тонна) және Қытайға (2,2 млн тонна) жөнелтілді.

 

Барлық жаңалықтар