00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Жұмыс күшіне жұмсалатын шығын көбейді – талдау

25.02.2023 | 10:35
Айман Нығмет
43

Finprom.kz мәліметі бойынша, еңбек құнының орташа жылдық индексі 2021 жылы өткен жылға қарағанда 121,3 пайызды құрады.

Құрамдас бөліктер бойынша еңбек құнының индексі 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда жалақы қоры бойынша 122,8 пайызды және жалақы қорында ескерілмейтін жұмыс күшіне жұмсалған шығындар бойынша 112 пайызды құрады.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша 2021 жылы жұмыс күшін ұстауға жұмсалатын ең үлкен шығындар өнеркәсіп және білім беру салаларына тиесілі болды. Одан кейін денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету, сондай-ақ мемлекеттік басқару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру салалары жатады.


 

Барлық жаңалықтар