00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстанда сауда порталы іске қосылды

25.02.2023 | 10:11
Елорда ақпарат
42

BAQ.KZ жазғандай, осылайша, портал сауда рәсімдерінің бизнес өкілдеріне қолжетімділігін қамтамасыз етеді. 

Отандық экспорттың 80%-ы шағын және орта бизнес субъектілерінің кәсіпорындарына бағытталғанын айта кеткен жөн. Олар көп жағдайда нарыққа шыққан кезде кедергілермен бетпе-бет келіп жатады. Әрі сауда процедурасын түсіндіруге мұқтаж. Мұндай порталдар әлемнің көптеген елінде сәтті іске қосылып, жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар бизнестің әділдігін қамтамасыз ету жолымен шағын кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға үлес қосуда. Соңғы екі жылда ұжым болып үлкен жұмыс атқарылды, - деді порталдың ашылу рәсімінде сөз алған Премьер-министрдің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев. 

Айтуынша, портал аграрлық азық-түлік секторына баса назар аудара отырып, шекара арқылы сатылатын 50-ден астам тауар түрін қамтиды. 

Сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары импорт және экспортпен байланысты ережелер мен процедураларға тікелей қолжетімділікке ие болады. Біз үшін сауда порталы отандық бизнесті дамытуда кері байланыс орнату орталығына айналады. Аталған бағыттағы жұмысқа бизнес қауымдастық белсенді араласады деп үміттенемін, - деп атап өтті министр.

 

Барлық жаңалықтар