00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы мен ақындар айтысы өтті

25.02.2023 | 10:01
Елорда ақпарат
40

Іс – шараның мақсаты-ерекше адамдардың өзгелерге үлгі болатын таланттарын, өнер шеберлерін танымал ету, олардың арасында ақындарды, көркемсөз оқу шеберлерін анықтау.

Іс-шараға әр түрлі жастағы бірегей таланттар қатысты. Көркемсөз оқу шеберлерінің байқауына қатысушылар ақын-жашушылар — Ахмет Байтұрсыновтың, Мұхтар Әуезовтің, Ғабит Мүсіреповтың, Әзілхан Нұршайықовтың шығармаларын оқыды, олардың құрметіне осы жылы мерейтой күндері атап өтіледі. Ақындар Ахмет Байтұрсыновқа және ана тіліне арналған өз шығармаларын оқыды.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев, Мемлекеттік мекемелердің басшылары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, көп балалы аналар және т. б. қатысты.

Шара барысында «Қанаттылар» театрының әртістері Ахмет Байтұрсыновтың өмірінен спектакль ұсынды.


 

Барлық жаңалықтар