00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстанда жаңа салынған үйлердің бағасы 20%-ға өсті

25.02.2023 | 06:14
Елорда ақпарат
45

Биыл сәуірде өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда пәтерлерді қайта сату бағасы 27,7%, жаңа тұрғын үйлерді сату 20,3% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі былтырғы сәуірмен салыстырғанда 22,2% артты, - деп жазылған Ұлттық статистика бюросы таратқан хабарламада.

Бір айда (биыл наурызбен салыстырғанда) бұрын пайданалуға берілген пәтерлер бағасы 1,8% өсіп, бір шаршы мерті 459 мың 137 теңге болды.

Жаңа тұрғын үйді сату және абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі сәуірде 0,8%-ға жоғарылап, бір шаршы метріне 412 мың 315 теңге және 3 561 теңге болды, - деп жазылған хабарламада.

Барлық жаңалықтар