00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы 1,5 есе өсті

25.02.2023 | 03:46
Елорда ақпарат
42

Осы жылдың бірінші айында Қытайға экспорт көлемі импорт көлемінен асып түсті. Экспорт бір жылда бірден 77,9%, яғни 771,7 млн АҚШ долларына жетті. ҚР-дан экспорттың барлық көлемінен Қытайдың үлесі 12,7% құрады.

Импорт өз кезегінде 31,8%, яғни 648,5 млн АҚШ долларына артты. Қазақстандағы импорттың жиынтық көлеміндегі Қытай елінің үлесі 23,8% құрады. 

Қаражаттың көп бөлігін қытайлық инвесторлар ҚР өңдеу өнеркәсібі саласына 2,8 млрд АҚШ долларын жұмсады.

Танымал салалардың ішінде көлік және қоймалау (2,6 млрд АҚШ доллары, жылына минус 21,5%) және сауда мен автожөндеу (2,1 млрд АҚШ доллары, плюс 20,3%) бар.

2022 жылдың 1 наурызына қарай елде Қытайдың қатысуымен жұмыс істеп тұрған 1,5 мың компания бар – бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 17,4% көп.

Барлық жаңалықтар