00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Маман пікір білдірді: Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай ма

25.02.2023 | 01:07
Елорда ақпарат
48

31-телеарна «Информбюро» жаңалықтар қызметінің мәлімдегендей, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бүгін салынып жатқан үйлердің бағасы мен сапасының арақатынасын сақтау қажеттігі туралы айтқан.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, кейбір мердігерлер ресурстары мен қажетті техникасы болмаса да ірі тендерлерге қатысады. Бұл жүйені өзгерту керек. Ведомство бірқатар қажетті құжатты дайындады.

Адамдардың сапалы нәтиже талап етуі заңды. Сондықтан, тұрғын үй құнын төмен түсіріп, сапасын қамтамасыз етпеу дұрыс емес. Бұл тепе-теңдікті сақтау керек. Құрылыс компаниясына осы шектегі төлемге сапалы тұрғын үй салуға мүмкіндік беруіміз керек, – дейді ол.

Шенеуніктің айтуынша, бұл салада күрделі мәселелер бар. Нарық өсіп келе жатқан сұранысқа үлгермей жатыр.

Инфрақұрылымды салу қосымша уақытты қажет етеді. Қазақстан Құрылысшылар одағының төрағасы функциялардың бір бөлігін мемлекеттен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына беруді ұсынады.

Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиевтің айтуынша, нарық заңы ғана жағдайды түзете алады. Тұрғын үй бағасын ұстап тұру әрекеттері қазір тиімсіз.

Өткен жылдан бастап бағалар төмендейді деп айтылған, бірақ олар төмендеп жатқан жоқ. Сондықтан баға өсіп кетпеуі үшін бағаны тұрақтандыру міндеті тұр. Бұл айтарлықтай үлкен іс. Бірақ өткенге қарасақ, бағалар үнемі өсіп отырады және менің ойымша, одан әрі өсе береді, – дейді ол.

Барлық жаңалықтар