00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстандағы орташа жалақы 275 мың теңгеден асты

24.02.2023 | 23:12
Елорда ақпарат
44

Бұл ретте атаулы жалақы индексі 2020 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 118,2%-ды, нақты 108,7%-ды құрады.

Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы тау-кен өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда – 546,4 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2 есе жоғары), қаржы және сақтандыру қызметінде – 520,7 мың теңге (1,9 есе), кәсіптік қызмет саласында, ғылыми-техникалық қызметке – 442 мың теңге (1,6 есе), ақпарат және коммуникация саласына – 370,1 мың теңге (тиісінше 1,3 есе).Ұлттық статистика бюросы

Ауыл, орман және балық шаруашылығы салаларында орташа айлық атаулы жалақының төмен деңгейі тіркелді – 167,3 мың теңге және сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және бөлінуін бақылау – 169,1 мың теңгеге тең.

Өңірлер бойынша ең жоғары орташа айлық атаулы жалақы Атырау облысында байқалады – 420,4 мың теңге, бұл орташа республикалық деңгейден 1,5 есеге жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысында 203 мың теңгені құрап, республикалық көрсеткіштен 26,3 пайызға төмен деңгейді көрсетті.

Барлық жаңалықтар