00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Қай елдің зейнеткерлері ең көп зейнетақы алады

24.02.2023 | 20:46
Елорда ақпарат
53

БҰҰ мәліметтеріне сәйкес, қазіргі сәтте әлемде жасы 60-қа келген адамдар саны 1 млрд, бұл 2019 жылмен салыстырғанда, 300 млн-ға көп. Ұйымның болжамы бойынша, COVID-19 егде жастағы адамдарға қиын болатынына қарамастан, жасы алпыстан асқан халық саны 2050 жылға қарасты 1,5 млрд адамға дейін өсуі мүмкін.

Әр елдегі зейнетақы мөлшері

Орташа еңбекақымен салыстырғанда, ең көп зейнетақы Түркия, Жапония және Канадада.

Ең төменгі зейнетақы төлемдері Оңтүстік Корея, Сингапур және Чилиде. Еңбекақыға зейнетақысының 2,64 коэффициенті теңестірілген елдер қатарында, Қазақстан 9-орында орналасқан.

Ел

Орташа еңбекақы, теңге

Орташа зейнетақы,

теңге

Еңбекақыға теңестірілген зейнетақы коэффициенті

Түркия

224 900

198 800

1,13

Жапония

1 268 400

656 300

1,93                                    

Канада

1 647 000

827 000

1,99                                    

Италия

1 263 900

592 000

2,13  

Бразилия

202 600

94 000

2,16  

Израиль

1 593 700

732 600

2,18  

Франция

1 495 300

641 300

2,33  

Норвегия

2 388 300

1 006 000

2,37  

Қазақстан

263 900

100 000

2,64  

Қытай

503 200

171 400

2,94  

Аустралия

1 728 400

566 500

3,05  

Ресей

298 400

94 000

3,17  

Ұлыбритания

1 414 200

400 700

3,53                                    

АҚШ

1 991 800

538 200

3,70  

Үндістан

52 500

13 100

4,01  

Германия

1 932 000

444 000

4,35  

Швейцария

2 744 000

556 400

4,93  

Чили

563 000

109 400

5,15  

Сингапур

1 500 900

192 300

7,80  

Оңтүстік Корея

1 043 600

131 200

7,95  

Әр елдегі зейнеттік жас

Ерлердің зейнет жасына келуі 60-67 жас аралығында құбылады, әйелдердің жасы 58-67 аралығында. Түркияда зейнетке шығудың ең ерте жасы ерлерге – 60 жаста, әйелдерге – 58 жаста.

АҚШ, Италия және Израильде ерлер зейнетке кеш шығады (67 жаста), Италияда әйелдер 67 жаста, ал Ұлыбритания мен Аустралияда – 66 жаста шығады.

Зейнетке шыққанда Оңтүстік Корея және Сингапурда ерлер ұзақ өмір сүреді – 18 және 17 жыл ұзақ. Ал, Қытай және Оңтүстік Кореяда әйелдер 25-24 жас ұзақ өмір сүреді.

Бразилияда зейнетке шыққан ерлер аз өмір сүреді – 6 жыл, ал әйелдер Үндістанда – 12 жыл.

Әр елдің зейнеткерлері қанша өмір сүреді

Ел

Халықтың өмір сүру ұзақтығы

Зейнет жасы

Зейнеткерлер қанша жыл өмір сүреді

Ерлер

Әйелдер

Ерлер

Әйелдер

Ерлер

Әйелдер

Қазақстан

70

77

63

60

7

17

АҚШ

74

80

67

65

7

15

Канада

80

84

65

65

15

19

Бразилия

71

79

65

62

6

17

Чили

77

83

65

60

12

23

Италия

81

86

67

67

14

19

Германия

78

83

65

65

13

18

Франция

78

84

62

62

22

16

Ұлыбритания

78

82

66

66

12

16

Норвегия

77

83

62

62

15

21

Швейцария

81

85

65

64

16

21

Түркия

75

81

60

58

15

23

Израиль

81

84

67

62

14

22

Сингапур

82

83

65

62

17

21

Аустралия

79

84

66

66

13

18

Үндістан

69

72

60

60

9

12

Жапония

81

85

65

65

16

20

Оңтүстік Корея

80

86

62

62

18

24

Қытай

74

80

60

55

14

25

Ресей

68

78

60

55

8

23

Зейнет жасын не үшін көтереді

Соңғы онжылдықтарда кейбір елдерде зейнет жасын жыл сайын көтеру үрдісі пайда болды. Франция, Қытай, Ресейге теңдес, бұл реформа Қазақстанда да енгізілді. Қазір ҚР ерлер зейнетке 63 жаста, ал әйелдер 60 жаста (2021 ж.) шығады. Заңға сәйкес, әйелдердің зейнет жасы жыл сайын 10 жыл ішінде 6 айға дейін өсіп отырады (2027 жылға дейн).

Реформаның ең басты себебі, өмір сүрудің ұзақтығы (дүниежүзінде 70 жыл ішінде өмір сүрудің орташа ұзақтығы 23 жасқа дейін ұлғайды), сонымен қатар, зейнеткерлер саны өсті және еңбекке қабілетті халық саны азайды. Бұл тұтас алғанда, экономикалық проблемаларға, ЖІӨ өсу серпінін төмендетуге және халықтың тұрмыстық жағдайының нашарлауына апарады.

Зейнет жасын көтерумен қоса, басқа да өзгерістер пайда болды, атап айтқанда, ерікті жинақтаушы зейнетақы бағдарламалары. Оларды әлеуметтік қорлар, сақтандыру компаниялары  және өзге де жеке қаржылық ұйымдары ұсынуда. Олар. АҚШ, Канада, Бразилия, Германя, Италия, Швейцария, Ресейде және басқа мемлекеттерде бар. Олардың маңызды ерекшеліктері, адамдарға зейнет жасына келмей тұрып, қомақты зейнетақы төлемдерін алуды қамтамасыз ету. Қазақстанда – бұл қалыптастырылған зейнетақылық аннуитет.

Аталған бағдарлама бойынша, қазақстандықтардың 45 жастан бастап, өмірді сақтандыру компанияларымен шарт жасасу мүмкіндіктері пайда болды. Ресми зейнет жасына келмей тұрып, ерлер төлемдерді 55 жасынан бастап, ал әйелдер 52 жастан алуларына болады (2027 жылдан бастап, алу жасы 55 дейін көтеріледі), – деп түсініктеме берді Freedom Finance Life ӨСК.

Барлық жаңалықтар