00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Пиротехниканы қолдану кезінде нені білу керек

24.02.2023 | 20:22
Елорда ақпарат
49

Жедел алдын алу іс-шараларының мақсаты халықпен пиротехникалық бұйымдарды сақтау, пайдалану, тасымалдау және әкелу ережелері, сондай-ақ сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді айналымнан алу туралы профилактикалық жұмыс жүргізу болып табылады.

Елорда әкімдігі қала тұрғындарына пиротехниканы пайдаланудың негізгі ережелері туралы еске салады:

  • пиротехниканы күмәнді сатушылардан сатып алмаңыз (көше сөрелерінен, өткелдерден);
  • балаларға пиротехниканы өз бетінше іске қосуға рұқсат етпеңіз;
  • қаптамадағы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз;
  • пиротехниканың жарылуы кезінде қашықтықта болыңыз;
  • ешқандай жағдайда жабық үй-жайда пиротехниканы пайдаланбаңыз;
  • көрермендер нақты пиротехникалық бұйымды қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген қауіпті аймақтан тыс, бірақ кемінде 20 м қашықтықта болуы тиіс;
  • білтені созылған қол қашықтығында тұтату керек;
  • жұмыс істеп тұрған пиротехникалық бұйымды қолда ұстауға қатаң тыйым салынады.

Тіпті таныс және қарапайым пиротехникалық өнімнің өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін екенін есте сақтау керек.

Барлық жаңалықтар