00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Түркістан облысында май зауыты ашылады

24.02.2023 | 19:43
Елорда ақпарат
48

Мақтаарал ауданындағы индустриалды аймақта орналасып, бой көтеріп жатқан зауыт болашақта ел нарығындағы майға деген сұранысты жеткілікті деңгейде қамтамасыз етуге септігін тигізбек. Кәсіпорын «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы қолдау тауып отыр. 

Аталған ауданда мақта майын шығаратын зауыт салатындай жөні бар ақ. Себебі, республика бойынша «ақ алтын» егіп, өнім алатын жалғыз аймақ – Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданында мақта қабылдап, одан мақта-мата талшығын өндіретін сегіз зауыт бар. Оған таяуда ашылатын тағы бір мақта зауыты қосылады. Демек, ауданда мақтадан қалатын шиіттің көлемі жеткілікті деңгейде деген сөз.   

Түрік кәсіпкерлері Түркістан облысына құятын инвестициясын мұнымен тоқтатпақ емес. Кәсіпкерлік саласына қатысты мамандардың пікірінше, болашақта аталған компания осы Мақтаарал ауданынан құны 5,9 миллиард теңге болатын жіп иіру фабрикасын салып, іске қосуды жоспарлап отыр екен. Жалпы, «ақ алтынды» өлкеде кәсібін дөңгелетіп, кәсіпорын саламын деген шетелдіктер баршылық. Оның бірі таяуда пайдалануға беріліп, іске қосылатын мақта өңдейтін "Huayi International Cotton Co,. Ltd" ЖШС-і. Одан бөлек, темір бетон өнімдерін дайындауға арналған тағы бір зауыт салу жоспарда бар. Ол кезде мақтааралдық 17 адам жұмыспен қамтылмақшы. Зауыттың жалпы құны 209 миллион теңге. Инвесторлар қаржы құюға әзір болып отырған кезекті кәсіпорын – малайзиялық инвестицияның нәтижесінде іске асырылуда. Оны инженерлі жалға алу деп атайды екен. Зауыт іске қосылғанда жылына 4,195 МВт электр қуатын өндіреді деген болжам бар. Онда болашақта 25 адам тұрақты жұмысқа орналаспақ. Жоба құны – 1,033 миллиард теңге.

Біле жүріңіз, күні шуақты, жері құнарлы аймақ, «ақ алтынның» отаны – Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданында биыл 35 мың гектар алқапта шиітті мақта тұқымы себілсе, 16 гектар аумаққа бақша дақылдары егілген. 2 мың гектар жерде жаңа жоңышқа өсіріліп, 2 мың гектар жерге жүгері дақылы қондырылған. Ал 1 мың гектар алқапқа көкөніс өнімдері егіліпті. Бүгінде аталған дақыл түрлері бойынша қырман даласы түрлі өнімдермен толығып, Жер ананың керемет сыйын диқандар жағы төкпей-шашпай, ысырап етпей жинап алу үстінде. Алынған өнімдердің, әсіресе, қауын-қарбыз сынды бақша дақылдарының 80 пайызы Еуропадан бастап, Ресей, Литва, Рига сынды ТМД елдеріне экспортталып үлгерді. Алтын күздің соңына қарай өнімділік мөлшері қаншалықты көлемді болғанының есеп-қисабы жасалатын болады.

Барлық жаңалықтар