00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізде Илон Маск компаниясының спутниктік интернеті сынақтан өткізілмек

24.02.2023 | 19:35
Елорда ақпарат
41

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында тілшілердің бірі Қазақстандықтарды сапалы интернетпен қамту мақсатында АҚШ миллиардері Илон Масктың компаниясымен келісімнің қалай жүріп жатқанын сұраған еді.

Бұл сұраққа ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов жауап берді.

«Бүгінде еліміздегі спутниктік интернет және телевизиялық таратуды «KazSat-2» және «KazSat-3» спутнигі қамтамасыз етіп отыр. Қазір әлемде заман талабы мен сұранысына сай сапалы және жоғары жылдамдықтағы интернет ұсынатын компаниялардың қатары көбейіп келеді. Жалпы сапалы интернет туралы әңгіме қозғайтын болсақ, онымен айналысатын бүгінде әлемде 3 ірі компания бар. Ол «One Web», «SES» және «Starlink» («SpaceX») компаниясы. Биыл елімізде «One Web» компаниясымен бірлесіп, екі рет техникалық тұрғыдан тестілеу жүргіздік. Яғни, интерттің жылдамдығы мен техникалық сәйкестігін сынақтан өткіздік. Бұл бағыттағы жұмыс пилоттық жоба ретінде жалғаса береді», – деді Баубек Оралмағамбетов.

Комитет төрағасының айтуынша, 2022 жылы Қазақстанда жаңа спутниктік интернет қызметі сынақтан өткізіледі.

««SES» туралы айтар болсақ, бұл компанияның спутниктік интернет қызметін Алматы облысында сынауды таяуда ғана бастадық. Бүгінде сынақ жалғасып жатыр. «Starlink» компаниясына келсек, ол бойынша келер жылдың бірінші тоқсанында пилоттық жоба ретінде елімізде іске асыру жоспары тұр. Бүгінде аталған компаниямен келісімге келіп жатырмыз. Одан әрі жүзеге асырылып жатқан пилоттық жобалардың нәтижесі мен көрсеткішіне қарай нақты шешім қабылданатын болады» – деді ол.

Барлық жаңалықтар